«Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 167 бұйрығы

«Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі № 167 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

«Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 шiлдедегi № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 34786 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 96) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 11 наурыздағы № 100 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысымен байланысты қызметтер көрсетуді көздейтін мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы қызметтерінің шарттарын жасасу тәртібін айқындайды.»;

1-тармағының бесінші - сегізінші абзацтары 2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мемлекеттік сатып алу веб-порталы - мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның цифрлық жүйесі;»;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.